Қымбатты достар!
"СҚО Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің және қала әкімінің шешімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеті халықтың өмір сүру деңгейін барынша қолдау және жұмыссыз қалған азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды күшейту болып табылады.
Біздің қаламызда халықты жұмыспен қамтудың, кедейшілік деңгейін төмендетудің, мүгедектерді оңалтудың, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың нақты мәселелерін шешуге бағытталған он үш әлеуметтік бағдарлама табысты іске асырылуда.
Мұнда жұмыспен қамту орталығының құрылымы мен қызметі туралы толық ақпарат орналастырылған. Сайттың тақырыптық бөлімдері мен айдарлары қажетті ақпаратты жедел және мақсатты түрде таңдауға көмектеседі. Біз өзара ынтымақтастық, сізге ұсынылған сайттың мазмұндық деңгейін арттыру бойынша кез келген ұсыныстарды, сондай-ақ қала тұрғындарын әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің жұмысына қатысты сіздің тілектеріңізді, пікірлеріңізді және сұрақтарыңызды қабылдауға дайынбыз.
Сайт кәсіби қызметте және күнделікті өмірде сіздің сенімді досыңыз және көмекшіңіз болады деп шын жүректен үміттенеміз. Біздің сайтқа қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
150000, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 47.
Телефон / факс: 53-11-48.
Қабылдау телефоны: 39-09-66.
E-mail: centr_zan_petr@mail.kz